01 там, 2017 сағат 11:12

Шығыс Қазақстан облысынан Алтын адам табылды

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Берел ауылында орналасқан Берел қорымынан құнды жәдігер табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлына сілтеме жасап.

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым» деп жазды ол фэйсбуктағы парақшасында.