24 мау, 2021 сағат 20:15

Швейцарияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілуде


Швейцарияда шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетілуде. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетін хабарлады.

Швейцарияда 26 маусымда елде қашықтан жұмыс істеу режимі, көшеде бет пердені кию міндеті алынды. Сондай-ақ, азаматтар өзінің екпе салдырғандығын растайтын куәлікті, COVID-19 инфекциясынан сауығып шықандығы туралы немесе ПТР тесттің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынған жағдайда, мейрамханаларға келушілердің және жаппай іс-шараларға қатысушылардың санына қойылған шектеулер алынып тасталмақ. Шенген аймағындағы басқа елдердің азаматтары Швейцарияға келгеннен кейін енді карантинге жатуға міндетті емес. Бірақ Үндістаннан, Ұлыбританиядан және коронавирустың жаңа нұсқалары қарқынды таралып жатқан елдерден келетін азаматтар үшін шектеулер күшін жойған жоқ. 

Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонда келушілердің бірінен коронавирус инфекциясы анықталғандықтан шаһарда шектеу шаралары енгізілді. Бұл шаралардың локдаунға жатпайтындығын атап өткен жөн. Билік өкілдері мұндай әрекеттің «сақтық шаралары» екендігін айтты. Мектептер мен дүкендер ашық қалса да, әлеуметтік байланысқа қойылған шектеулер алынған жоқ. Осылайша, 100-ден астам адамның жиналуына тыйым салынады. Іс-шараларға қатысушылардың барлығы өзара 1-2 метрлік қашықтықты сақтауы тиіс.