Швеция егде жастағы адамдарды иммундау қарқыны бойынша Еуропада көш бастап тұр, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
65 жастан асқан тұрғындардың 89%-ы COVID-19-ға қарсы иммундаудан толық өтті. Осыған байланысты елдің Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі «AstraZeneca» вакцинасын аймақтарға жіберуді тоқтату туралы шешім қабылдады, себебі бұл препарат тек қарт азаматтарды егуге арналған.
«AstraZenecа» препаратына деген аса қажеттілік жоқ, сол себепті ел Үкіметінің шешімі бойынша қайырымдылық шарасы аясында үлестірілетін болады.