30 қаз, 2023 сағат 18:24

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогінде «қола» жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

Шорт-тректен Қазақстанның ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің спортшылар 5 мың метрлік эстафетада үшінші нәтиже көрсеткен.

"Ел қоржынына қола жүлдені Денис Никиша, Адиль Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов және Мерсаид Жақсыбаев салды. 

Мәреге бірінші болып Қытайлық спортшылар жетсе, "күмісті" канадалықтар еншіледі" - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл - біздің команданың жаңа маусымдағы алғашқы медалі.