27 қаң, 2021 сағат 13:15

ШҚО-да Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жеңіл атлетикадан VІ халықаралық турнирді Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы өткізеді. Дода барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра ұйымдастырылады», - делінген olympic.kz сайтындағы ақпаратта. 

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир 30 қаңтарда басталады. Оны мына сілтеме арқылы тікелей эфирде көруге болады.