#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

ШҚО-да 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

  • 30.06.2020
  • 0
  • 267

Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған 1 млн 32 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тиімділігін бақылау мен мониторингті күшейту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл жайлы ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Сейсенғазы Чукаев мәлімдеді. 

«2015-2019 жылдар аралығында пайдаланылмаған немесе тиісті заңнаманы бұзу арқылы пайдаланылған 1 млн 554 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. Оның ішінде 1 млн 32 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылған. 908,5 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды. 214,2 мың гектар жердің иелері қазіргі уақытта жерді пайдалануға кірісіп кеткен. 307,5 мың гектарға қатысты материалдар әлі де мемлекеттік органдардың қарауында», - дейді ол. 

Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері 65 тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде жер заңнамасын бұзудың 50 фактісі анықталған. Заңбұзушылыққа жол бергендерге жалпы сомасы 1,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар