30 мау, 2021 сағат 13:38

Шілде айының басында қатты ыстық болады - Қазгидромет


Қазгидромет 1-3 шілдедеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасының жылжуы, елдің көп бөлігінде өте ыстық ауа райының сақталуына әсер етеді. Тек республиканың батысында, содан кейін солтүстік-батысында циклон шұңқырының келуімен, найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде термометрлер солтүстік, оңтүстік және орталықта 12-25℃ жылы, күндізгі 30-44℃ ыстық, шығыста түнде 12-20℃, күндіз 27-35 градус ал батыста түнде 15-26℃, күндіз 28-36 градус ыстық болады.