16 қаң, 2021 сағат 10:12

Шетелден ұшып келген тағы 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды

15 қаңтар күні Қазақстан аумағына Қытай, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бір тәулікте барлығы 1 941 жолаушы ұшып келген. Оның 1 725-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. 216 азамат ПТР-анықтамасыз келген, барлығы – ҚР азаматтары. 

Атап айтқанда: 

Алматы қаласының әуежайына – шетелден барлығы 6 рейс қонды, 1 169 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 1 042, анықтамасыз - 127;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 739 жолаушы, анықтамамен - 650, анықтамасыз - 89; 

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 33 жолаушы анықтамамен келген.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 14 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген ҚР азаматтарының тест нәтижелері белгілі болды. Оған сәйкес, «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталды.