27 қаң, 2021 сағат 09:25

Шетелден ұшып келген 201 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

26 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

26 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді.

1 653 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 452 адам, анықтамасыз 201 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 416 жолаушы, анықтамамен - 1 219, анықтамасыз - 197;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 233, анықтамасыз - 4.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 25 қаңтарда анықтамасыз келген барлық 137 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.