19 желтоқсанында Қазақстан аумағына Германия, Швейцария, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, барлығы 2 008 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 1 771 адам, анықтамасыз – 237 адам (барлығы ҚР азаматтары).
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – барлығы 13 рейс, 1 331 жолаушы келді. Анықтамамен – 1 183, анықтамасыз - 148;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 499 жолаушы, анықтамамен - 438; анықтамасыз - 61;
- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 178 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 28.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
18 желтоқсанда анықтамасыз келген Қазақстанның 210 азаматының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды», - делінген комитет мәліметінде.