2020-2021 оқу жылына шетелдегі қандас жастар үшін дайындық бөліміне 1300 орын бөлінді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Отандастар қорына сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелдегі жастар арасында атажұртта білім алғысы келетін азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. 2018-2019 жылға 1000 орын, 2019-2020 жылға 1300 орын бөлінген еді. Дайындық бөлімін сәтті аяқтаған қандастарымыз ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып, жоғарғы оқу орнының студенті атанды. Әлемге тараған жұқпалы індет салдарынан биыл елге келе алмай, шетелде қалып қойған дайындық бөлімі студенттерінің мәселесін «Отандастар қоры» көтерді.
Білім және ғылым, Сыртқы істер министрліктерінің, Ұлттық тестілеу орталығының қолдауымен, үш ай жүргізілген жұмыс нәтижесінде ҚР аумағында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында шетелдегі қандас жастарға ҰБТ «Онлайн» өткізу шешімі қабылданды. Тұңғыш рет 733 қандасымыз ҰБТ онлайын тапсырды.
Айта кетсек, биылғы дайындық бөліміне оқуға түсуге арналған құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Білім және ғылым министрлігінің Балон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-порталы https://enic-kazakhstan.kz арқылы онлайн режимде жүргізіледі.
Сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелеріне жеткізу үшін Сыртқы істер министрлігіне хат жолданды. Оқу жылының I семестрінде дайындық бөлімінің студенттеріне дәріс онлайн режимде жүргізіледі.
Талапкерлердің құжаттарын қабылдау ережесіне сәйкес қадамдық нұсқаулығы төменде көрсетілген.
Құжаттарды онлайн режимінде тапсыру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 287526 нөміріне және admission@n-k.kz почтасы бойынша хабарласып білуге болады.
1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін)
8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін)
+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін , халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен)
8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін)
E-mail: komek@oq.gov.kz
Skype: komek@oq.gov.kz