27 қаз, 2020 сағат 15:28

Шешенстанда қарулы жасақ арасындағы атыстан 2 адам мерт болды

Шешенстанда «ОМОН» мен «СОБР» ұйымдастырған атыс салдарынан екі адам қайтыс болды, деп жазады "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Шешенстандағы Ачхой-Мартан ауылындағы кафе жанында ЕММЖ және ЖҚАЖ қызметкерлері арасында атыс болған. Соның салдарынан екі адам қайтыс болған. Біреуі - Ресей гвардиясының қызметкері болса, екіншісі – азаматтық тұлға. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны анықталуда», – дейді агенттікке сұхбат беруші. 

Оның айтуынша, атыс себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.