12 мау, 2020 сағат 11:14

Шекарадағы шабуылдан Кот-д-Ивуардың 10-ға жуық сарбазы қаза тапты

Бейсенбі күні белгісіз біреулердің Кот-д-Ивуардың Буркина-Фасомен солтүстік шекарасындағы әскери бекетке жасаған қарулы шабуылынан 10-ға жуық сарбаз өлтіріліп, тағы алтауы жарақаттанды, делінген армия таратқан мәлімдемеде. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Елдің қарулы күштер басшысының айтуынша, шабуыл жасаған бір адам қаза тапты. Бұған дейін 12 сарбаздың өлтіріліп, жетеуінің жарақаттанғаны, тағы екі әскери жандармның із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған.

Шабуыл жасаушылардың Буркина-Фасодан болғаны шамаланып отыр.

Агенттіктің мәліметінше, өңірдегі барлық әскер жауынгерлік әзірлікте және шабуыл жасаушыларды іздеу операциясы жүргізіліп жатыр.