20 жел, 2024 сағат 11:15

Шарын ұлттық паркінде Орта Азия құндызы алғаш рет тіркелді

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сартоғай аймағында фототұзақ арқылы Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануар – Орта Азия құндызы тіркелді. Бұл ерекше оқиға табиғат қорғау саласындағы маңызды жетістік, дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Орта Азия құндызы – саны күрт азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына 2-санатпен енгізілген. Жануардың сирек кездесуі мен оның тіршілік ету ортасының қысқаруы осы түрді қорғау шараларын күшейтуді талап етеді.

Бұл құнды дерек Шарын ұлттық паркінің биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында жүргізіп жатқан жұмыстарының тиімділігін көрсетеді. Орта Азия құндызының парктің аумағында тіркелуі – табиғат қорғау шараларының және экожүйе мониторингінің нәтижесі.