Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы Германия тарапымен бірлесе отырып, 2021 жылғы әлем чемпионатын көрерменсіз өткізу туралы шешім қабылдады, деп жазады Olympic.kz.
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін жарысқа билет алып қойған жанкүйерлерге қаражаты қайтарылады.
Айта кетелік, әлемдік федерация турнирге көрермендерді қатыстыру туралы мәселені ұзақ талқылап, кейін осындай тоқтамға келді. Шаңғы спорт түрлерінен әлем чемпионатында шаңғымен жарысу, қоссайыс және тұғырдан секіруден жалпы есебі 23 жүлде жиынтығы таратылады.
Әлемдік сын Германияның Оберстдорф аймағында 23 ақпан мен 7 наурыз аралығында ұйымдастырылады.