04 там, 2025 сағат 17:11

Шакира Қазақстанда концерт беруі мүмкін

Фото: ашық дереккөз

2025 жылы елдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті болды. Бұл шарадан кейін ұйымдастырушылар Қазақстанға тағы бір әлемдік жұлдызды алып келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстандық Камиль Байрамов өз Instagram парақшасында аталған концертті ұйымдастырған продюсер Малик Хасеновпен сұқбат жариялады.

Сұхбат барысында Байрамов әлеуметтік желі қолданушыларының тілегін жеткізіп, келесі жұлдыз ретінде Шакирaны елге шақыру жайлы сұрады.

— Мен сіздерге бір құпияны айтайын: біз қазір Шакирамен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа, оны күзде аяқтаймыз, — деп жауап берді Хасенов.


Оқи отырыңыз: Көзқарастар қақтығысы: Абайдың 180 жылдығы немесе Джей Лоның концерті