28 қаң, 2021 сағат 13:16

Шахмат: Чемпиондық тәж сарапқа салынатын турнир Дубайда өтетін болды

2021 жылғы 24 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Дубай қаласында әлемдік шахмат тәжі сарапқа салынатын матч өтеді. Бұл туралы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі әлем чемпионы – Норвегия спортшысы Магнус Карлсен. Шахмат тәжі үшін ойында оның қарсыласы үміткерлер арасындағы турнирдің жеңімпазы болмақ.