21 қаз, 2021 сағат 10:20

Серік Сәпиев Динара Сәтжанға берген сұхбатында жаңа жұмыс орнын атады


Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен босатылған Серік Сәпиев Динара Сәтжанға берген эксклюзив сұхбатында жаңа жұмыс орнын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын", - деді бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы.

Ол комитетте қандай лауазымға тағайындалатынын нақты айтқан жоқ.

Халықаралық олимпиада комитетінде жұмыс істегіңіз келе ме деген сұраққа Сапиев "ойлануға болады" деп жауап берді.

"Ол туралы ойламадым. Бірақ жалпы алғанда, халықаралық ұйымда жұмыс істеу елдің мәртебесін, халықаралық ұйымда жұмыс істейтін адамның мәртебесін көтереді. Неге болмасын, ойлануға болады", - деді ол. 

Сәпиев 2019 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетін басқарды. 19 қазанда Сәпиев қызметінен өз еркімен кеткені белгілі болды.