11 қыр, 2020 сағат 15:10

Сенбі-жексенбідегі шектеулер қашан алынады: Министрлік жауабы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов демалыс күндергі карантиндік шектеулер қашан алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шектеулердің алынуы тек қана қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты. Қазір ауруханаларда 4 600 адам емделіп жатыр. Егер науқастар саны төмендесе, сенбі-жексенбідегі шектеулер алынады. Бірақ, бұл көрсеткіштер өсетін болса, сенбі-жексенбідегі шектеулер басқа күндерге де созылуы мүмкін», - деп жауап берді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілші сұрағына.

Сонымен бірге, Б. Қожахметов елімізде қандай жағдайда карантин басталатынын айтып берді. 

«Егер де Қазақстанда бір тәулікте барлық инфекциялық ауруханаларда 30 мың науқас тіркелсе, сол күні арнайы комиссия шешім қабылдап, Қазақстанда локдаун немесе карантин енгізеді», - деді Бағдат Қожахметов.