14 қыр, 2020 сағат 17:00

Сенбі-жексенбіде фитнес орталықтары мен спорт кешендері жұмыс істейтін болды

Қазақстанда демалыс күндері фитнес орталықтары мен спорт залдарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды. 

Оның ішінде фитнес орталықтары, спорт-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері, СПА-салондар, сауналар, бассейндерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, толымдылығы 30% артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау) жұмыс істеуге тыйым салынбайтыны айтылған.