04 қыр, 2021 сағат 02:38

Сенбіде ауа райы қандай болады?


Сенбіде елімізде жел күшейеді, кей өңірлерде аспанды бұлт басып, жаңбыр-бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

4 қыркүйекте еліміздің батыс, солтүстік-батыс өңірлері циклон ықпалында болағандықтан жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Еліміздің қалған аумағына антициклон жотасы әсер етеді, сондықтан басым бөлігінде ауа райы ашық болады. Елімізде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста бұршақ жауады, дауыл тұруы ықтимал. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауып, батыста жел күшеюі мүмкін, облыстың орталығында, шығысында жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, түнде батысында, солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жел күшейеді. 

Атырау облысының түнде солтүстігінде және орталығында найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысында түнде батысында, солтүстік-батысында бұлттап, найзағай ойнайды, түнде желдің екпіні 17-22, күндіз солтүстікте 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығы мен батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Қарағанды облысының батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде және оңтүстік-батысында, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының орталығы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.