11 ақп, 2021 сағат 08:55

Сенаторлар атом энергиясын пайдалану мәселелері жөніндегі түзетулерді қабылдады

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев сенаторлардың назарына «ҚР кейбір заңнамалық актілерге атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, заң жобасы қолданыстағы заңнаманың құқықтық қайшылықтарын жоюды көздейді. Сондай-ақ құжат кейбір нормаларды атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) қауіпсіздік жөніндегі халықаралық нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған.

«Ол үшін «Атом энергиясын пайдалану туралы» және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңдарының нормаларының терминологиясы мен ұғымдық аппаратын нақтылау көзделеді. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру, сондай-ақ өкілеттіктердің қайталануын болдырмау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен функцияларын шектеу керек. Білімді тексеруден өту рәсімдерін ырықтандыру мақсатында атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттаудан қайта өту құқығын беру жоспарланған», - деді ол.

Сонымен қатар аталмыш заң арқылы ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде ядролық және радиациялық аварияларға авариялық әзірлікті және ден қоюды регламенттеу көзделген.

Сенаторлардың талқылауынан кейін заң жобасы қабылданды.