#
#
Бейсенбі 03/12/2020

Сенатор ұлттық мұраның қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтты

  • 22.10.2020
  • 0
  • 690

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған сенатор Сергей Ершов ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттарды қалыптастыру және сақтау мәселелерін жедел шешу қажет екендігін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сенатордың айтуынша, 2 жыл бұрын қабылданған заңдарға түзетулер енгізілгенімен, бұл салада әлі күнге дейін ілгерілеу болмай тұр. 

«Мұрағат қорын толтыру және мемлекеттік мұрағат мекемелерін іріктеу көздерінің өсімі 20 жылда екі еседен асты. Айта кету керек, көптеген мемлекеттік архивтер тиісті жабдықтардың жоқтығынан сақтандыру қорларын құра алмай келеді. Қоймалардың көпшілігі 100 пайыз жүктелген, құжаттарды әрі қарай қабылдауға және сақтауға орын жетіспейді. Ал мемлекеттік архивтердің ғимараттары жиіркенішті күйде. Осыған байланысты, еліміздің аймақтарында типтік мамандандырылған ғимараттар салу мүмкіндігін табу керек немесе мәселені басқаша шешуді ойластыру керек», - деді Сергей Ершов.

Депутат мұрағат ісі саласында білікті кадрларды даярлау да қажет екенін айтып, ұлттық архивтерді мемлекеттік деңгейде қорғау мәселесіне тоқталды. 

«Бүгінгі күні облыстық (аудандық, қалалық) мемлекеттік архивтердің ғимараттарын қорғауды жеке күзет ұйымдары, сондай-ақ мұрағат мекемелерінің жеке құрамы немесе ғимарат иелері таңдайтын күзет ұйымдары қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Сергей Ершов. 

Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымында болатын мемлекеттік мұрағаттардың екінші орында болуына да сенатор көңілі толмай отыр.

«Осы саладағы кейбір мәселелерді шешу үшін 2020-2025 жылдарға арналған Архив-2025 жобасын іске асырудың кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Оны іске асыруға 14,1 миллиард теңге қарастырылды. Алайда жоспарды іске асыруға арналған бюджеттік өтінім Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында мақұлданбады», - дейді Сергей Ершов

Сенатор Үкімет басшысынан кешенді жоспарды жүзеге асыруға және министрлікте жаңа комитет немесе ұлттық мұраны сақтау үшін жауап беретін тәуелсіз құрылым құруға қаражат бөлуді сұрады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар