20 мау, 2023 сағат 20:27

Семейде "Би-2" тобының концерті өтетін болды

Фото:instagram.com/b2band

Семейде "Би-2" тобының концерті өтетін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, осыған дейін қала жұртшылығы мен облыстық мәслихат депутаттары 14 адамның өмірін қиған өртке байланысты ресейлік топтың концертін кейінге қалдыру туралы бастама көтерген болатын.

"Жерлестеріміздің қайғылы қазасы мен жалпыұлттық аза тұтудан кейін рок-концерт өткізу көптеген тұрғындардың наразылығын тудырды. 

Нәтижесінде қала жұртшылығы мен облыстық мәслихат депутаттары ресейлік топтың концертін кейінгі қалдыру және сол арқылы жақындарынан – анасынан, әкелері мен ұлдарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, оны бөлісу туралы бастама көтерді", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Алайда Семей әкімдігі бұл шешімнің қоғамда наразылық тудырғанын, осыған байланысты Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органының өкілдері қаза болғандардың отбасымен байланысқа шығып, концерттің олардың көңіліне қаяу түсірмейтініне көз жеткізгенін атап өтті. 

"Осылайша, қайтыс болған орманшылардың туыстарының келісімі бойынша және олардың концерт өткізуге келісімін алғаннан кейін әртістердің өздерінің айтуынша, қайырымдылық сипатта болатын "Абай Арена" спорт кешеніндегі іс-шараны тоқтатпау туралы шешім қабылданды. 

Айта кетейік, "Би-2" тобының концертін кейінге қалдыру туралы шешім Семей әкімдігінің шешімі болған жоқ. Сондай-ақ концертті ұйымдастырушы "ЛЕВИТ - КАТАНА" жеке компаниясы болып табылады, – деп нақтылады қала әкімдігі.