Үндістанның Джайпур қаласында 11 адам найзағай түсіп қайтыс болды, тағы көптеген адам жарақат алды, деп хабарлады Sputnik агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап.
Адамдар жаңбыр жауып тұрған кезде танымал туристік орын саналатын 12 ғасыр мұрасына жататын Амбер-форт күзет мұнарасында суретке түскен. Оқиға болған кезде мұнара үстінде 27 адам болған. Найзағай түскен кезде кей адам мұнарадан жерге секіріп кеткен.
Қайғылы оқиға салдарынан 11 адам қайтыс болды, зардап шеккендер бар.
Сонымен қатар жексенбіде штаттың басқа елді мекендерінде найзағай соққысынан тағы тоғыз адам қайтыс болды, деп жазады Би-Би-си. Басылым ақпаратына сәйкес, 2004 жылдан бастап Үндістанда шамамен 2 мың адам найзағай түсіп қайтыс болған.