#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Селден зардап шеккен Елтай ауылының әрбір тұрғынына 50 мың теңгеден берілді

  • 29.05.2020
  • 0
  • 285

Шымкент іргесіндегі селден зардап шеккен ауыл тұрғындарына Болат Өтемұратовтың қорынан 50 мың теңгеден бөлінді. Атап айтқанда, тасқын су шайған Елтай ауылындағы 91 отбасы мүшелеріне қор атынан 26 млн 500 мың теңге берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған шара қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған. Департамент қызметкерлері тасқыннан зардап шеккен елді мекендегі жағдайды бағалап, үйлерін су шайған отбасыларды анықтаған болатын. 

Қазақстанның Қызыл Жарты айы қоғамдық қорының өкілдері Елтай ауылының 530 тұрғынына 50 мың теңгеден беріп, ақша салынған банк карталарын табыстады. Қаладағы карантиндік шараларды ескере отырып және адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін көмек карталары зардап шеккен отбасыларға аулаларды аралау әдісімен жеке қолға берілді. Бөлінген қаражат адамдарға өз мүліктерін ішінара қалпына келтіруге, сел тасқыны кезінде бүлінген заттарды ауыстыруға жұмсалмақ. Сондай-ақ, тұрғын үйді жөндеу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға және қажетті өнімдер мен тауарларды сатып алуға жаратылмақ.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар