Daily Mail басылымында АҚШ және Канада ғалымдары жасаған суретке түсірудің жаңа технологиясы туралы мақала жарық көрді. Онда Канаданың Ұлттық ғылыми зерттеу институтының профессоры Цзиньань Лян бастаған бір топ ғалым әлемдегі ең жылдам камераны құрастырғаны және жаңа технология туралы Light: Science & Applications ғылыми журналында жан-жақты жазылғаны айтылған.
«Бұл камера T-CUP деп аталады және ол секундына 10 триллион (1013) кадр түсіреді. Яғни, камера уақытты тоқтатқандай әсер қалдырып, жарыққа дейінгі феномендерді қарауға мүмкіндік береді», - деп жазады басылым.
«Фемтосекундты камера арқылы суретке түсіргенде оның сапасы бұзылатыны белгілі. Сол себепті біз жаңа технология жасау барысында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін статикалық сурет алатын тағы бір камераны қостық. Радонды трансформация арқылы біз секундына 10 триллион жоғары сапалы кадр жасай алатын камера жасап шығардық», - дейді ғалымдар.
Мақала авторының айтуынша, бұл камера кадр саны бойынша әлемде рекорд жасап тұр. Сондай-ақ, T-CUP болашақта биомедицинадағы жаңа микроскоптар жасау барысында қолданылуы мүмкін.
«Бұл - ғылымдағы ерекше жаңалықтардың бірі», - дейді автор.