Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлау өтетін 10 қаңтар күні Ресей Федерациясының аумағында жүрген еліміз азаматтары үшін 5 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ақпаратына сәйкес, Елшіліктің Мәскеудегі ғимаратында (Чистопрудный бульвар, 3 «А») орналасатын №265 сайлау учаскесі жергілікті уақытпен сағат 07.00 ашылып, сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
«Сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін РФ-дағы ҚР Елшілігінің консулдық есебіне тұруға кеңес беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс күндері шұғыл желі нөміріне +7 (925) 897 71 14 (#1 ішкі нөмір) хабарласуға болады... Сайлау учаскесіне келгенде өзіңізбен бірге ҚР азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болуы керек. Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, маскалық режим мен әлеуметтік ара қашықтықты сақтау маңызды», - деді дипөкілдіктен.
Мәскеуден бөлек, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары жанында ашылатын сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады:
Санкт-Петербург қаласы – Рылеева көшесі, 10 үй, сайлау учаскесі нөмірі 290, сайт.
Қазан қаласы – Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, сайлау учаскесі нөмірі 301, сайт.
Астрахань қаласы – Акварельная көшесі, 2Б үй, сайлау учаскесі нөмірі 291, сайт.
Омбы қаласы – Шоқан Уәлиханов көшесі, 9 үй, сайлау учаскесі нөмірі 292, сайт.