Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова сайлау алдындағы «тыныштық күні» үгітшілер қандай тәртіпті сақтауы керектігін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"
«Сайлау күні және оның алдындағы күні сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынады. Ол - тыныштық күні. Сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрын ілінген басқа да үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде бұрынырақта жарияланған үгіт материалдары бұрынғы орнында сақталуы мүмкін. Бұрын жарияланған материалдарды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға рұқсат берілмейді», - деді Анастасия Щегорцова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Комиссия мүшесі үгіт жұмыстарының тәртібі бұзылған жағдайда құқықтық жауапкершілік қарастырылғанын мәлім етті.
Тіпті бұл бағытта саяси партиялар өрескел қателікке жол берген жағдайда оларды партиялық тізімнен шығаруға дейінгі шара қабылдануы мүмкін.