10 қаң, 2021 сағат 18:20

Сайлау-2021: Франция мен Бельгияда қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

Қазақстандық Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 4-інші, осы доданың 1-ракеткасы, Аустралия ашық чемпионатының өткен жылғы жеңімпазы, америкалық София Кенинмен күш сынасты. 

Түбі мәскеулік С.Кенин 22-де болса, Ю.Путинцева жуырда 26-ға толған еді. 

Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Ю.Путинцева брейк жасай білді – 4:2. Сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Есесіне екінші сетте С.Кенин брейкпен жасап кетті – 3:1. Дегенмен қазақстандық теннисші таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 6:5. Содан кейін матчқа доп бергенде, ұтымды сәтті пайдалана алмады – 6:6. Тай-брейкте америкалық спортшының жолы болды – 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші партияны Кенин брейкпен бастағанымен, Юлия сол бойда есе қайырды – 1:1. Есеп 2:2 болғанда, Путинцева доп бергенде, 40:0-мен алға кеткенімен, бірте-бірте күш алған АҚШ теннисшісі тағы бір брейкке қол жеткізді. Тағы бір брейк – 5:2. Кенин матчқа доп бергенде, Путинцева есепті қысқартты. Алайда Кенин үшінші матчболын пайдалана алды – 6:4.

Аса тартысты өткен бәсеке 2 сағат 43 минутқа созылды.

С.Кенин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен таласады. Ол үшінші айналымда рейтингте 15-сатыдағы испаниялық, кезінде Ролан Гаррос және Уимблдон турнирлерін ұтқан Гарбинье Мугурусаны 7:5, 6:4 есебімен ұтты.