16 қаз, 2018 сағат 11:10

Сауль Альварес: Головкинмен айқас - қазіргі мансабымдағы ең маңыздысы

Мексика боксшысы Сауль Альварес 50-1-2, 34 КО) WBC тұжырымдамасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионының белдігін өзіне табыстау рәсімінде соңғы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды inform.kz агенттігі sports.kz порталына сілтеме жасап. 

«Головкинмен айқас - қазіргі кезде мансабымдағы ең маңыздысы болды. Бұл - бірінші кезеңнің соңы деп санаймын. Енді менің мансабымда бұдан да жақсы, әрі табысты жаңа кезең басталып отыр», - деді «Канело».

Еске сала кетейік, «Канело» 15 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен реванштық айқаста жеңіске жетті. 

Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Айқас төрешілердің шешімімен тең аяқталды.  

Геннадий үшінші айқасқа да келісімін берді. Бірақ Альварестің командасы оны ұйымдастыруға асығып отырған жоқ. Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі 15 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өтеді. Оның қарсыласы  WBA Super нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы чемпион Рокки Филдинг (27-1, 15 КО) болмақ.