- Дүйсенбі күні әлемнің ыстық өлкелерінің бірі - Сауд Арабиясында қар жауды. Бұл туралы корольдіктің Бас метеорологиялық басқармасы хабарлады.
Елдің орталық бөлігіндегі астаналық округ аудандарында температураның төмендегені соншалық, шөл даладағы құмның бетін қар басып қалған. Табарджал қаласында температура -3°C дейін төмендеді, Әл-Куараят провинциясында сынап бағанасы -1°C көрсетті.
Жауын-шашыннан сел пайда болып, көлік кептелісі ұлғайды.
Метеорологтардың жақын күндері корольдіктің барлық аумағында жауын-шашын болатынын ескертті. Азаматтық қорғаныс корольдік құзырындағы азаматтар мен шетелдіктерді сақтық шараларын ұстануға шақырды.