Қазгидромет 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атмосфералық ауа ағындардың өтуімен, ҚР солтүстік-батысында, солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталығында жаңбыр жауып, найзағай, желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының орталығында қатты жаңбыр жауады. Казақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде - тұман, солтүстік, шығыс және орталығында - бұршақ күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында – найзағай, түнде және таңертең шығыста тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіліп, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батыс және солтүстігінде найзағай, күндіз солтүстігінде – бұршақ, батыс, солтүстік және орталығында – желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында - найзағай, түнде облыстың солтүстік-шығысында – тұман түседі.
Күндіз Павлодар облысында желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20, солтүстік және оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Түнде Қызылорда облысының солтүстік-батысында – найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Таңертең және күндіз Түркістан облысында желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с, облыстың солтүстігі және батысында шаңды дауыл соғады.
Түнде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтобе, Қостанай облыстарының солтүстігі және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.