Ұлттық санақ кезінде ұялы байланыс нашар жерлерде деректер әкімдіктер жанындағы бірыңғай көлік ортасы арқылы тасымалданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Үкімет отырысында айтты.
Әуелі бюро басшысы биылғы санаққа пандмяимен, вакцинамен байланысты сұрақтар қсоылып отырғанын атап өтті.
«Халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан тұратын санақ парақтары әзірленді. Олар үй шаруашылықтарында тұратын адамдар саны туралы, тұрғын үй жағдайлары туралы сұрақтарға жауап береді. Үй шаруашылығының әр мүшесі толтыратын «Жеке» санақ парақтары және шетелдіктер елде уақытша жүргендер үшін арнайы санақ парақтары бар.
Санақ парақтарына халықтың көші-қоны, тіршілік қабілетін шектеу, пандемияның табыс деңгейіне әсері, коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық және халықты вакциналау туралы жаңа сұрақтар енгізілді. Жұмыспен қамту, тіл меңгеру, мекен жағдайы және бала туу туралы сұрақтардың қатары кеңейтілді», - деді Ұлттық стаистика бюросының басшысы.
Сондай-ақ, ол халық санағын жүргізу кезеңінде барлық деректер бірден шифрланған, қорғалған түрде орталық серверге жіберіліп отыратынын еске салды.
«Ұялы байланыс желісі болған жағдайда серверге тікелей планшет арқылы, ұялы байланыс желісі нашар жерлерде жергілікті әкімдіктер қосылған мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы офлайн режимде жүзеге асырылады. Бұдан басқа барлық аумақтық статистика органдары қосылған IP VPN арнайы желісі бойынша деректерді жөнелту мүмкіндігі бар. Санақ жүргізу кезінде азаматтардан алынатын барлық шифрланған ақпарат қорғалған байланыс арналары арқылы Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне беріледі. Онлайн санақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде резервтік алаң (QazCloud) ұйымдастырылған», - деді Нұрболат Айдапкелов.