15 қыр, 2021 сағат 18:23

Санақ қорытындысын кімдер көре алады?


Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан бифингіде Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Халық санағының қорытындысымен кімдер егжей-тегжей таныса алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық санағының қорытындылары статистикалық ақпарат болып табылады. Сондықтан бұл жағдай бойынша арнайы талаптар бар. Яғни, ғылыммен айналысатын институттардың, ғылыми зерттеу жүргізетін азаматтардың санақ базасына қол жеткізу мүмкіндігі бар. Бірақ ол әрбір жеке адам бойынша емес, жалпылама түрде, «дединтификацияланған» мазмұнда беріледі», - деді Ұлттық сатитиска бюросының басшысы. 

Оның айтуынша санақты ең негізгі қорытындылары бюроның сайтына сатистикалық деректер түрінде жарияланады. 

«Біріншіден, біз санақ қорытындысы бойынша базаны өңдегеннен кейін оны арнайы кестелер бойынша интернеттегі сайтымызға саламыз. Бірақ базаға нақты талап бойынша кіруге болады. Басты талап – санақ қорытындысымен танысқысы келген адам ғылыммен айналысатынын дәлелдеуі керек. Сонымен бірге ІР-сервис арқылы біздің жүйеге кіру мүмкіндігі болуы керек. Сол талаптарды сақтаса, деединтификациялық мазмұндағы базаға кіруіне болады», - деді ведомство басшысы.