06 там, 2021 сағат 13:14

Санаев қарсыласын тістеп алды – бірлескен федерация шешім шығарды



Олипиадада қазақстандық палуан Нұрислам Санаевтың қатысуымен болған белдесуден кейін кішігірім жанжал туындады. Қазақстандық палуан қарсыласын тістеп алды.


Үндістандық жүнкүйерлер желіде тараған видеоны қызу талқыға салып, Санаевты сынға алды. Ал барлық спорт түрі бойынша халықаралық федерация осы мәселеге қатысты өз шешімін шығарды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.


4 тамызда Санаев жартылай финалда үндістандық палуан Кумар Равимен белдескен болатын. Жерлесіміз 9:1 есебімен ұтып тұрып, есесін жіберіп алды. Рави оны әдіске түсіріп, таза жеңіске жету үшін ұстап жатқан. Сол кезде қазақстандық палуан қарсыласын қолынан тістеп алды.

​Күрестің бірлескен әлемі - барлық спорт түрі бойынша халықаралық федерация осы оқиғаны қарастырып, шешім шығарды. Қаулыға сәйкес, қазақстандық спортшының қарсыласын тістеп алғаны расталды.


Алайда ол "әдейі жасалмаған реакция" болды. Сол себепті ешқандай санкция қолға алынбайды. Нұрисламның өзі жекпе-жектен кейін Равидің ыңғайсыз қарсылас екенін ашық айтты.


"Үндістандық қарсыласыммен екі рет кездесіп, екеуінде де есе жібергенмін. Ол өте мықты балуан. Мен де бар күшімді салдым, бірақ жеңіске сәл жетпей қалды. Қалай ұтылғанымды өзім де түсінбей қалдым. Үнді балуаны мен үшін өте ыңғайсыз қарсыластың бірі. Оң жамбасыма келмеді", - деді Санаев.


Сол жекпе-жектен кейін үндістандық палуан төрешілерге де шағымданып көрген. Алайда өзі финалда ресейлік Заур Угуевтың қолынан тістеп, қанатып жіберді. Бірақ бәрібір ұтылып қалды.


Айта кетері, 2012 жылы Лондон Олимпидасында Қазақстанның еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров та жартылай финалға шығып, үндістандық Сашил Кумармен белдескен. Сол кезде қарсыласы оны құлақтан тістеп, өз әдісін жасап кетті. Ұпайға да ие болды. Қазақ палуаны қанап тұрған құлағын төрешіге көрсетті. Бірақ ол мән берген жоқ.

Лондон Олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров та Санаев сияқты қола жүлдегер атанды.