14 қыр, 2020 сағат 15:57

Сән салондары мен шаштараздар демалыс күндері де жұмыс істейді

Сән салоны, шаштараздың демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында демалыс күндері сән салоны, шаштараз, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш. м.) жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды.