17 қаң, 2021 сағат 14:30

Сан-Францисконың орталығында атыс болды

Сан-Францисконың орталығында (Калифорния штаты, АҚШ) болған атыс салдарынан бес адам жарақат алды. Бұл туралы қала полициясы Twitter-де жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Тергеу жүріп жатыр, атыс салдарынан бес адам зардап шекті», - делінген онда.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен дәрігерлер келіп жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің ешқайсысы ауыр жарақат алмаған. Сондай-ақ полиция қару табылғанын хабарлады.