«Ақтөбе» футбол клубының ұжымына бүгін жаңа директор таныстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ақтөбе» ФК басқармасы төрағасы Артур Смағұлов, бас менеджері Горан Велькович болды.
«Футболды дамыту бағытында жұмыс тұрақты жүріп жатыр. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболға қолдау бар. Инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Бұл — бірінші жұмыс. Екіншіден, «Ақтөбе» ФК-да да өзгертулер болады. 2012, 2013 жылдары жоғары жетістікке жеткеніміз рас. Ойыншыларымыз мықты еді. Сол жылдары бөлінген қаржы қазір бес есеге азайды. Мұны ескерген жөн. Ал біз осы жылдары жұмыс атқарған Самат Смақовқа алғыс айтамыз. Жаңа басшы «Ақтөбені» қайтадан Премьер-лигаға шығаруы тиіс», - деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.