#
#
Бейсенбі 21/01/2021

Салық Зимановтың өмірі туралы деректі фильм түсіріледі

  • 26.11.2020
  • 0
  • 126

2021 жылы 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетін академик Салық Зимановтың өмірі туралы деректі фильм түсіріледі. Бұл туралы Сенат депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің берген жауабында айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2019-2021 жылдарға арналған мерейтойлық және естелік күндердің тізбесіне сәйкес Атырау облысы әкімдігінің қолдаухаты негізінде Мәдениет және спорт министрлігімен 2021 жылы С.Зимановтың 100 жылдығын мерекелеу бойынша толықтыру енгізіледі. 2021 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Орал қалаларының ЖОО халықаралық және республикалық маңызы бар ғылыми конференцияларды, оның ішінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 2021 жылдың ақпан айында жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясын өткізуді, Атырау облысының әкімдігі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында С.З.Зимановтың өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр», - деді Асқар Мамин. 

Естеріңізге сала кетсек, академик Салық Зимановтың туғанына келесі жылы 100 жыл толады. Алайда, осы бір айтулы дата Үкіметтің алдағы жылы атап өтетін мерейтойлар тізбесінен тыс қалған. Осыған орай таяуда Сенаттың жалпы отырысында Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған бір топ сенатор Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдаған еді.

Теги: Салық Зиманов, деректі фильм

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар