24 қыр, 2020 сағат 08:23

Салт атты курьер алматылықтарды таң қалдырды

Алматы орталығында атқа мінген курьер көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл видеоролик әлеуметтік желіде тарап кетті. Назарбаев және Сәтпаев көшелерінің қиылысында салт атты курьердің кетіп бара жатқанын куәгерлер түсіріп алған. 

Қалалық полиция департаментінің патрульдік полиция экипажы ат мінген жігітті тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. 

«Бұл - үлкен мегаполис ішінде тыйым салынған көлік. Ат мінгені үшін жауапкершілік қарастырылған. Жігіт айтылған нәрсені түсінгенін, енді ондай қателік жасамайтынын айтты», - деді полиция департаментінен.