#
#
Бейсенбі 16/07/2020

Салқын суға ұзақ уақыт шомылу пайдасыз әрі денсаулыққа қауіпті - Владимир Беккер

  • 01.06.2020
  • 0
  • 199

Салқын не болмаса суық суға ұзақ уақыт шомылу пайдасыз әрі денсаулыққа қауіпті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шомылуға қатысты бірқатар кеңес бергім келеді. Салқын не болмаса суық суға ұзақ уақыт шомылудың еш пайдасы жоқтығымен қатар денсаулыққа қауіп төндіреді. Біз судың температурасына байланысты суға шомылу режимін ұстануға кеңес береміз. Су температурасы +18 градус болғанда - 6-8 минут, +20 градуста - 10-12 минут, +20 градустан жоғары болғанда - 15 минутқа дейін ғана шомылу керек», - деді комитет басшысы. 

Жыл басынан бері орын алған қайғылы жайттарға тоқталған Владимир Беккердің дерегінше, осы уақытқа дейін 62 адамның, оның ішінде 22 баланың ажалы судан болып отыр. Оның ішінде 24 адам - балық аулау кезінде, 13 адам - қатты ағысқа, иірілмге тап болып немесе аяғы тартылып батып кеткен. 10 бала суға құлап жантәсілім етсе, ішімдік ішкен 9 адамның ажалы судан болды. 

«Өкінішке қарай, елімізде суға кету дерегі жоғары болып тұр. Ересектердің кішкентай балаларды қараусыз қалдыратыны алаңдатады. Соның кесірінен балалар арыққа, арнаға, су қоймаларына құлап кетіп мерт болады. Өткен тәуліктің өзіне 14 адам суға кетсе, соның алтауы - балалар», - деді В.Беккер.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар