Әлемдік ғалымдар тобы Африка құрлығындағы Сахара шөлін жасылдандыру жобасын қолға алып отыр. Белгілі болғандай, ондаған миллион жыл бұрын бұл жерлер жасыл желекке оранған көрікті аймақ болғанға ұқсайды.
Дәл осы болжамға сүйеген ғалымдар «Жасыл Сахара» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында Сахара шөлі арқылы Атлант мұхитынан Чад теңізіне дейінгі аралыққа құрғақшылыққа төзімді жасыл ағаштар отырғызылмақ. Тіпті, чили, сорго, просо, т.б. жеміс ағаштары мен көкөніс түрлері де егілетін болады. Әрқайсысы 25 шаршы шақырымнан тұратын ұяшықтан құралған «жасыл белдеу» ұзындығы 2,5 мың шақырымға созылады.
Айта кетейік, Сахара шөлін жасылдандыру жұмыстары бұрын да қолға алынған болатын. Бірақ, отырғызылған өсімдіктер түрлі себептермен қурап қала беретін еді.