Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытайдан келген дәрігерлер делегациясымен коронавирус инфекциясына қарсы күресу жөніндегі тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алматыға ҚХР-дан келген дәрігерлер делегациясымен коронавируспен күрес бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқыладық. Соның ішінде жаппай тестілеу, қауіпті індеттің алдын алу, емдеу және науқастарды оңалту, медицина қызметкерлерін даярлау әрі оқыту жағы пысықталды», – деп жазады әкім Twitter-дегі парақшасында.