Астана күні қарсаңында Алматының белгілі мәдениет қайраткерлері Нұр-Сұлтан қаласына өз құттықтауларын жеткізіп, Қазақстанның басты мегаполисіне деген көз қарастары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева астананың бірегей екенін айтып, ерекшелігіне тоқталды.
«Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Жыл сайын біз еліміздің жетістігін атап өтеміз. Бүгінде Нұр-Сұлтан әсем үйлері мен саябақтары бар әдемі қала. Бұл - заманауи, бірегей, дамыған мегаполистің үлгісі. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы бізге жаңа өмір сыйлады. Жаңа қала, жаңа құрылыстар, даңғылдар, Қазақстанның өткенін артта қалдырды. Нұр-Сұлтан тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды», — деді әнші.
Роза Рымбаева Қазақстанның әрбір қаласына Нұр-Сұлтандай дамуын тіледі.