24 қаң, 2021 сағат 16:19

Роман Креч конькимен жүгіруден «В» тобында - үздік үштікте

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының мүшесі Роман Креч Херенвендегі (Нидерланд) әлем кубогі кезеңінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Спортшы «В» тобында сынға түскен. Ол 1000 метрге жарысудан кіші қолаға қол жеткізді. Бірінші орында польшалық Петр Мичальски, екінші орында эстониялық Мартен Лиив. Қазақстандықтар Демьян Гаврилов пен Александр Кленко тиісінше бесінші және алтыншы орындарды еншіледі. 

Бұдан бұрын әйелдер арасында 1000 метрге жарысудан «В» финалында сынға түскен Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 15.750 секундта бағындырып, кіші алтынға қол жеткізгенін хабарлаған болатынбыз.