Латвия астанасы Ригада ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин өмірден озды. Бұл мәліметті ҚР СІМ өкілдері растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Оның (Асылбек Мусиннің - автор.) Ригада қайтыс болғанын растаймыз. Ригадағы консул оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.
Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008-2012 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігін басқарған болатын.
Ал 2014 жылдың наурызында Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бірақ 2017 жылдың қаңтарында зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылды.