14 жел, 2020 сағат 10:27

Республикалық автожолдарға «Сергек» камералары орнатылады

Еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына «Сергек» камералары орнатылады. Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Ұлан Әліпов келесі жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «Сергек» камераларын орнату жұмысы басталатынын айтты. 

Аталған камералар жол жүрісі ережелерін бұзу фактілерін тіркеп отырады. 

«Бізде арка орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аркаларды «Сергек» компаниясы орнатып, оларға камераларды іледі. Камералар қаладағыдай жұмыс істеп, жол жүрісі ережелерінің бұзылуын тіркеп отырады Яғни, республикалық жолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыс жүргізіледі», - деп түсіндірді компания басшысы. 

Оның атап өтуінше, автобанда рұқсат етілген жылдамдық - сағатына 140 шақырым.