19 мау, 2021 сағат 12:20

Ресейдің Кемеров облысында ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты


Ресейдің Кемеров облысында бортында спортшы-парашютистері бар ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік таратқан апараттарға қарағанда, оқиға салдарынан 13 адам зардап шеккен. 

ТАСС-қа өнеркәсіптік ауданның бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінен хабарлағандай, ұшақ апатынан төрт адам қаза тауып, 17 адам зардап шекті. 

Танай аэродромы Кузбасстың Промышленный ауданында Новосибирск облысымен шекаралас жерде орналасқан. Оның базасында Кузбасс парашют орталығы құрылып, жұмыс істейді. Мұнда спортшылар мен әуесқойларға парашют-десант жаттығулары өткізіліп тұрады.