Ресейдің Forbes журналы қағаз нұсқасын тоқтатын болды. Бұл жөнінде басылым директоры Дмитрий Озман хабарлағанын The Insider жазды.
Озман сөзінше, бұл шешім Ресей нарығынан шетелдік жарнама берушілердің кетіп қалғанына байланысты қабылданған.
"Forbes журналының қағаз нұсқасына қарасаңыз, онда жарнаманың негізгі бөлігін BMW, Mercedes, Bentlеy секілді автомобиль брендтері және рыноктың люкс сегментінің тауарлары алып тұрғанын көресіз. Санкция салдарынан олардың бәрі Ресейден кетіп қалды. Оның үстіне қағаз бен типографиялық қызмет шығындары да көбейіп кетті", — дейді Озман.
Журналды баспаға дайындайтын қызметкерлер басылымнан кетуі мүмкін, редакция мүшелері жұмыс орындарында қалады. Коммерциялық бөлім дербес бизнес-юниттер бөледі.
Озман сөзінше, бұл шешім Forbes журналының Нью-Йорктегі бас офисінің талаптарына немесе лицензияға байланысты емес.
Американың іскерлерге арналған Forbes журналының негізін 1917 жылы Берти Чарльз Форбс қалаған. Басылым бизнес, инвестиция, технологияға арналған. Forbes өзінің жыл сайынғы түрлі саладағы рейтингілерімен де белгілі.